×
441.41
477.78
4.84
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.41
477.78
4.84

Күніне 40 минут: Қытайда балаларға TikTok қосымшасын қолдану уақыты шектелді

21.09.2021, 18:45
ашық дереккөз

TikTok (Douyin) қосымшасының қытайлық нұсқасын жасаушылар 14 жасқа дейінгі балаларға арналған контентті қарау уақытын шектеді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

lenta.ru-дың хабарлауынша, бұдан былай Қытайдағы 14 жасқа дейінгі балалар аталған қосымшаны сағат 06:00-22:00 аралығындағы уақытта 40 минут қана қолдана алады. Жасөспірімдерге арналған режим TikTok-қа өз аты-жөндерімен тіркелген барлық балаға қолданылады.

Бұл шешім кәмелеттік жасқа толмаған балаларды қосымшаның жағымсыз әсерінен қорғау үшін қабылданған. Осы қосымшаның бәсекелесі – Kuaishou мобильді қосымшасы мұндай шешімді 2019 жылы қабылдаған болатын.

Сондай-ақ, Қытайда кәмелеттік жасқа толмаған балаларға видеоойын ойнау уақыты да шектелген. 18 жасқа толмаған балалар видеоойынды аптасына 3 сағаттан артық ойнай алмайды.

Серіктес жаңалықтары