×
494.84
537.4
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.84
537.4
5.58

«Ораза ұстадым деп понтоваться етпей-ақ қой»: Нұрлан имам ораза туралы не айтты

05.03.2025, 23:05
«Ораза ұстадым деп понтоваться етпей-ақ қой»: Нұрлан имам ораза туралы не айтты
Әлеуметтік желіден

Халыққа кеңінен танылған имам Нұрлан Байжігітұлының видеосы тарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“ПОНТОВАТЬСЯ ЕТПЕЙ-АҚ ҚОЙ”

Белгілі имамның әлеуметтік желіде оразаға қатысты шымшыма әзілмен айтқан видеосы тарады.

“Мен ораза ұстадым деп понтоваться етпей-ақ қой. Түсінікті ме? Ұстасаң өзің үшін. Қазір енді ондай жоқ. 90 жылдары мен оқу бітіріп келгенде оқушы балалар сабақ “түкірігімді жұтпаймын, ораза ұстадым” деп отыратын. Ондай проблема жоқ. Сілекей жұтыла береді. Тек біреудің сілекейін жұтуға болмайды”,- дейді имам. 

ОРАЗА КЕЗІНДЕГІ ТӘРТІП ПЕН ӘДЕП

Нұрлан имам ораза ұстаған адамның өзін қалай ұстауы керектігін де нақты түсіндіреді.

“90 жылдары мен оқу бітіріп келгенде оқушы балалар сабақ “түкірігімді жұтпаймын, ораза ұстадым” деп отыратын. Ондай проблема жоқ. Сілекей жұтыла береді. Тек біреудің сілекейін жұтуға болмайды” — дейді.

Бұл жерде имамның айтуы бойынша, ораза ұстаған адамның сілекейін жұтуы оразаны бұзбайды. Дегенмен, шектен тыс ырымшылдық пен теріс түсініктерден сақ болу керек.

БІЛІМ МЕН ОРАЗАНЫҢ СӘЙКЕСТІГІ

Имам Нұрлан Байжігітұлының айтуынша, ораза ұстаған адам өз міндеттерінен қашпау керек. Мысалы, оқушылардың сабаққа бармай немесе ұйықтап қалып, мұғалімдерге оразаны сылтау етуі дұрыс емес.

“Ораза кезінде сабаққа барып ұйықтап қалып мұғалім ұрысса “не, мен ораза ұстадым” деу ол ақымақтық. Ораза өзіңдікі. Сабақты оқуға міндеттісің” — дейді. 

ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ ОРАЗА

Исламда ауру немесе әлсіз адамдар оразадан босатылады.

“Құдай қолдан келмеген нәрсені жүктемейді. Ауру, әлсіз адам оразадан босатылады” — деп атап өтті. 

НҰРЛАН БАЙЖІГІТҰЛЫ 

Нұрлан Байжігітұлы — Қазақстандағы танымал имамдардың бірі. Оның халық арасында беделі жоғары, себебі ол діни мәселелерді қарапайым әрі түсінікті тілмен жеткізеді. Нұрлан имамның уағыздары тек діни емес, күнделікті өмірдегі маңызды мәселелерді де қамтиды. Ол жастарға дұрыс бағыт-бағдар беріп, ораза сияқты құлшылықтардың шынайы мәнін түсіндіреді.

ОРАЗА ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

Ораза — мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айында парыз етілген ғибадат. Бұл айда мұсылмандар таңның атысынан күннің батысына дейін ішіп-жеуден, жаман сөздер мен істерден бас тартады. Оразаның басты мақсаты — сабырлылықты арттыру, рухани тазару.