Қостанай облысында агроөнеркәсіптік кешенде субсидия ұрланғаны анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасай отырып.
«2018-2019 жылдар аралығында мемлекеттік бағдарлама аясында ЖШС басшысы облыстың шаруа қожалықтарын алдау арқылы 161 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырып, мемлекетке аса ірі мөлшерде залал келтірді», - делінген хабарламада.
Агенттік деректері бойынша, іс жүзінде ЖШС басшысы күн панельдерінің бір жиынтығын 94,4% қымбатқа сатқан. Яни екі есеге арттырған.
Іс сотқа жолданды.