×
514.5
582.67
6.35
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
514.5
582.67
6.35

35 мың азық-түлік себетін таратады: Қазақстанда қайырымдылық марафоны басталды

06.03.2025, 23:02
35 мың азық-түлік себетін таратады: Қазақстанда қайырымдылық марафоны басталды
ҚМДБ

Бүгін, 6 наурызда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мұрындық болуымен «Рамазан сыйы» қайырымдылық марафоны басталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ДӘЙЕКСӨЗ

Рамазан айында қайырымдылық жасап, мұқтаж жандарға көмектесу – үлкен сауапты іс. Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім бауырының қажетін өтесе, Алла оның қажетінде болады...» – деген. Осыған байланысты біз Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдығына орай қасиетті Рамазан айынан бастап еліміз бойынша «35 мың азық-түлік себетін тарату» акциясын қолға алдық. Игі жоба жыл бойы жалғасады. Қайырымдылық акция аясында мұқтаж жандарға тиісті әлеуметтік көмек көрсетіледі, - деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Айта кетейік, қайырымдылық марафоны жыл соңына дейін жалғасады және акция аясында 35 мың отбасына азық-түлік себеттері таратылады.

Серіктес жаңалықтары