×
494.84
537.4
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.84
537.4
5.58

Актрисаның әкесі: Әуежайда қаскөйдің қолынан пышақты жұлып алған ер адам туралы не белгілі

Актрисаның әкесі: Әуежайда қаскөйдің қолынан пышақты жұлып алған ер адам туралы не белгілі
Ulysmedia.kz коллажы

Алматы әуежайында қаскөйдің қолынан пышақты жұлып алған ер адам туралы жаңа ақпараттар пайда болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ОҚИҒА ТУРАЛЫ

Айта кетейік, Алматыда ер адам әуежай қызметкеріне пышақпен тап берген болатын. Телеграмда ер адам әуежай қызметкерінің шашынан ұстап алып, қоқан-лоқы көрсетіп жатқан видеосы тарады. Ер адамның қолында пышақ болған. 

Артынша белгісіз ер адам қаскөйге қызды жіберіп, кепіл ретінде өзін ұсынып, қасына келген. 

Желіде тараған видеоларда ер адам алдымен қаскөймен сөйлесіп тұрып, артынша қолындағы пышағын жұлып алады.

ЕР АДАМ ТУРАЛЫ НЕ БЕЛГІЛІ

Әуежай қызметкерін қаскөйден аман алып қалған ер адам – 52 жастағы Мұса есімді тұрғын. ZTB мәліметінше, ол бес баланың әкесі. Сонымен қатар, ол белгілі актриса Аружан Мұсаның әкесі. Актриса жарнама роликтеріне түсіп, “Тырна” сериалында басты рөлдердің бірін сомдаған. 

ТОҚАЕВ НЕ ДЕДІ

Президент Тоқаев Алматы әуежайында адамды кепілге алу жағдайы жөнінде хабардар. 

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады. 

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әуежайында адамды кепілге алу жағдайы жөнінде хабардар. Президент қылмыскердің суық қаруын тартып алып, ұстауға көмектескен ер адамның батылдығын ерекше атап өтіп, аталған азаматты мемлекеттік наградаға ұсынуды тапсырды, дейді Руслан Желдібай.