×
489.15
533.47
5.64
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
489.15
533.47
5.64

Қазақстан наурызда мұнай өндірі көлемін қысқартады – энергетика министрлігі

07.03.2025, 15:38
Қазақстан наурызда мұнай өндірі көлемін қысқартады – энергетика министрлігі
ашық дереккөзден

Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауовтың мәліметінше, Қазақстан осы айда мұнай өндірісі көлемін қысқартуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Шенеунік бұл туралы журналистердің сұрақтарына жауап берген кезде мәлімдеді. Алайда ол өндіріс көлемінің нақты қаншаға қысқаратынын нақтылай алмады.

Қазақстан наурыз айында мұнай өндіру көлемін оңтайландыруды жоспарлап отыр. Өндіріс деңгейі қажетті межеге дейін, яғни ОПЕК+ келісімі шеңберіндегі міндеттемелерімізге сәйкес реттеледі.

Еліміздің мұнай экспортының негізгі бөлігі КТҚ (Каспий құбыр консорциумы) арқылы жүзеге асырылатыны белгілі. Осыған байланысты аталған бағыттағы тасымалдау көлемі де төмендейді. Қысқарту мерзімі – наурыз айы. Ал көлемі ОПЕК+ белгіленген деңгейге дейін реттеледі, — деп атап өтті вице-министр.

Еске сала кетсек, қаңтар айында Қазақстан ОПЕК+ келісімі бойынша белгіленген мұнай өндіру лимитін тәулігіне 135 мың баррельге асыра орындады. Жоспар бойынша Қазақстан тәулігіне 1,403 млн баррель мұнай өндіруі тиіс болса, нақты өндіріс көлемі 1,538 млн баррельді құрады.

Бұған дейін Қазақстан ОПЕК+ аясындағы артық өндірісті өтеу жөніндегі міндеттемелерін орындау мерзімін 2026 жылдың маусым айының соңына дейін кейінге шегерген болатын.