×
494.84
537.4
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.84
537.4
5.58

Алматы мен Астана көлікке "кептеліп" қалды

Алматы мен Астана көлікке "кептеліп" қалды
ЖИ / ulysmedia.kz

8 наурыз қарсаңында Алматы мен Астана түстен кейінгі уақытта көлікке "кептеліп" қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

АСТАНА – АЛМАТЫ

Сағат 15:10-дағы жағдай бойынша 2GIS деректері бойынша, Астанада көлік кептелісі 8 баллды көрсетіп тұр. Қала тұрғындарының сөзінше, бұл мұндай уақытта сирек кездесетін жағдай. 

Алматыдағы жағдайда дәл осындай. Оңтүстік астанада көлік кептелісі 10 балды көрсетіп тұр. 

8 НАУРЫЗҒА ОРАЙ БЕРІЛЕТІН ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ

Биыл халықаралық әйелдер күні (8 наурыз) сенбіге түседі. Демалыс күндерін ауыстыру қағидаларына сәйкес, қосымша демалыс күні 10 наурызға (дүйсенбі) белгіленген.

Демалыс кестесі:

  • Бес күндік жұмыс аптасы бойынша: 8, 9 және 10 наурыз – қатарынан үш күн демалыс.

  • Алты күндік жұмыс аптасы бойынша: 8 және 9 наурыз – демалыс, бірақ 10 наурыз (дүйсенбі) жұмыс күні болады.