×
488.53
531.91
5.68
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
488.53
531.91
5.68

Алматы әуежайында кепілге алынған қызметкердің жағдайы белгілі болды

Алматы әуежайында кепілге алынған қызметкердің жағдайы белгілі болды
видео кадры

Алматы әуежайында қаскөй кепілге алған қызметкердің жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

АЛМАТЫ ӘУЕЖАЙЫ

- Осы оқиғадан зардап шеккен әуежай қызметкеріне қатысты Алматы халықаралық әуежайы оған психолог беріп, әрі қарай барлық қажетті көмек көрсетеді, делінген әуежай хабарламасында. 

ӘУЕЖАЙДАҒЫ ЖАҒДАЙ

Айта кетейік, Алматыда ер адам әуежай қызметкеріне пышақпен тап берген болатын. Телеграмда ер адам әуежай қызметкерінің шашынан ұстап алып, қоқан-лоқы көрсетіп жатқан видеосы тарады. Ер адамның қолында пышақ болған. 

Артынша белгісіз ер адам қаскөйге қызды жіберіп, кепіл ретінде өзін ұсынып, қасына келген. 

Желіде тараған видеоларда ер адам алдымен қаскөймен сөйлесіп тұрып, артынша қолындағы пышағын жұлып алады.