×
489.15
533.47
5.64
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
489.15
533.47
5.64

2024 жылы әлемде мультимиллионерлер көбейді

07.03.2025, 18:40
2024 жылы әлемде мультимиллионерлер көбейді
Getty Images

2024 жылы дәулеті 10 миллион доллардан асатын адам саны 4,4%-ға өсіп, 2,341 миллионнан асып түсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Knight Frank компаниясының жыл сайынғы Wealth Report есебінде айтылған.

Былтыр Солтүстік Америкада мультимиллионер саны 5,2%-ға артқан.

Knight Frank деректеріне сәйкес, қазір АҚШ-та әлемдегі мультимиллионерлердің шамамен 40%-ы тұрады, бұл Қытайдағы көрсеткіштен екі есе көп.

Сонымен қатар, Knight Frank зерттеуінің нәтижелері алғаш рет 100 миллион доллардан асатын байлығы бар жеке тұлғалар саны 100 мыңнан асқанын көрсетті.

Ал Oxfam есебіне сәйкес, өткен жылы әлемдегі долларлық миллиардерлер саны 8%-ға өсіп, жыл ішінде 204 жаңа миллиардер пайда болды, деп жазады "Интерфакс".

Бұған дейін 2024 жылы миллиардерлер санының қаншалықты өскені туралы хабарланған болатын.