×
448.89
477.93
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.89
477.93
4.76

«Қазақмыс» ғимаратында болған өрт сөндірілді

21.09.2021, 19:31
ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан қаласының Тұран даңғылында орналасқан «Қазақмыс» ғимаратында болған өрт сөндірілді. Бұл туралы ulysmedia.kz Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ауданы 60 шаршы метрді алған өрт сағат 19:10 минутта ауыздықталды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Еске сала кетсек, сағат 18:33 минутта Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері Тұран даңғылы 37/10 мекенжайында орын алған өрт орнына жеке құрамның 44 адамы мен 11 техникасымен бірге бес минутта жетті. Алдын ала ақпарат бойынша, ғимараттың шатыры және қаптауы жанған.

 

Серіктес жаңалықтары