×
$
447.73
€
502.98
₽
5.35
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
447.73
€
502.98
₽
5.35

Астанада тоғыз қабатты үй өртеніп жатыр: тұрғындар эвакуациялана бастады

Бүгін, 11:56
Астанада тоғыз қабатты үй өртеніп жатыр: тұрғындар эвакуациялана бастады

Астананың Есіл ауданындағы Сауран көшесінде орналасқан тоғыз қабатты тұрғын үйден өрт шықты. Құтқарушылар тұрғындарды ғимараттан эвакуациялап жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, алғашқы өрт сөндіру бөлімдері оқиға орнына жеткен кезде бірінші қабаттағы пәтер ашық жалынмен жанып жатқан. Кіреберіс пен үйдің ішін қою түтін басқан.

Тұрғындар эвакуацияланып жатыр

Құтқарушылар бірден өртті сөндіруге және адамдарды қауіпсіз жерге шығаруға кірісті.

Оқиға орнында ТЖМ бөлімшелері жұмыс істеп жатыр. Өртті толық сөндіру шаралары жүргізіліп жатыр.

Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Өрттің шығу себебі мен оқиғаның өзге де мән-жайы жұмыстар аяқталғаннан кейін анықталады.