×
489.15
533.47
5.64
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
489.15
533.47
5.64

«Кеш болмай тұрғанда...»: Трамп Украина мен Ресейді келіссөзге шақырды

07.03.2025, 21:15
«Кеш болмай тұрғанда...»: Трамп Украина мен Ресейді келіссөзге шақырды
Ашық дереккөзден

АҚШ Президенті Дональд Трамп Ресейге қарсы санкциялар мен тарифтер енгізу мүмкіндігін "нақты қарастырып жатқанын" мәлімдеді, деп хабарлайды  Ulysmedia.kz.

АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ САНКЦИЯЛАР МЕН ТАРИФТЕР ЕНГІЗУ МҮМКІНДІГІН ҚАРАСТЫРУДА

Бұл қадамды ол Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты реттеу мақсатында жасауды жоспарлап отыр. Осыған қатысты жазбасын Трамп 7 наурыз, жұма күні Truth Social әлеуметтік желісінде жариялады.

"Ресей қазір ұрыс алаңында Украинаны толықтай талқандап жатқанын ескере отырып, мен ауқымды банк санкциялары, сондай-ақ басқа да санкциялар мен тарифтер енгізу мүмкіндігін нақты қарастырудамын. Бұл қадамдар тек атыс тоқтап, түпкілікті бейбітшілік келісімі жасалғанға дейін жалғасады", – деп жазды ол.

Сонымен қатар, Трамп:

"Ресей мен Украина, келіссөздер үстеліне қазір отырыңдар, тым кеш болмай тұрғанда. Рақмет!!!" – деп қосты.

ЗАХАРОВА: “УКРАИНА ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНЕ ҮЗІЛІСТЕР ҚАБЫЛДАНБАЙДЫ”

6 наурызда Ресей Сыртқы істер министрлігінің өкілі Мария Захарова Украинаның Қарулы күштеріне (ҚК) ешқандай үзілістердің қабылданбайтынын мәлімдеді. Оның айтуынша, жағдайды реттеу үшін нақты келісімдер қажет. Захарованың мәлімдеуінше, Париж бен Лондон кез келген жағдайда Киевке үзіліс беру және майданның құлауына жол бермеуге тырысып жатыр. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлады.

РЕСЕЙ НАРЫҒЫНДА АКЦИЯЛАРДЫҢ ҚҰЛДЫРАУЫ

Трамптың Ресейдің банк секторына қарсы мүмкін санкциялар туралы мәлімдемелерінен кейін ресейлік акциялар нарығы күрт төмендеді. Мәскеу биржасының рубльдік индексі 17:54-те 1%-ға төмендеді.

КӨМЕКТІ ТОҚТАТУ ТУРАЛЫ ШЕШІМ

Бұған дейін АҚШ басшысы Ресейге қарсы қорғаныс соғысында Украинаға әскери көмек көрсетуді уақытша тоқтата тұруды бұйырған болатын. Бұл шешім Украина басшылығының "бейбітшілікке бейілдігін" көрсеткенше күшінде қалады.

"Президент бейбітшілікке қол жеткізуді көздеп отырғанын ашық айтты. Бізге әріптестеріміздің де осы мақсатқа адалдығы қажет. Сондықтан көмегімізді тоқтатып, оны қайта қарап жатырмыз, оның мәселені шешуге қаншалықты ықпал ететінін анықтау үшін", – деп мәлімдеді Ақ үйдің аты-жөнін атамаған өкілі.

Бұл мәлімдемені 4 наурыз күні түнде америкалық БАҚ таратқан еді.