Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай әлеуметтік, экономикалық, мәдени, әскери және басқа да салаларда еңбек сіңірген арулар марапатталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамның дамуына зор үлес қосып, мемлекеттік қызметте ерекшеленген әйелдерді марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды.
Олардың ішінде өнер жұлдыздарымен қатар әлеуметтік, экономикалық, мәдени және әскери салалардың өкілдері де бар.
«ПАРАСАТ» ОРДЕНІН ТАҒЫ КІМ АЛДЫ?
«Қарақат» мектеп-студиясының бас директоры Қарақат Әбілдинадан бөлек, «Парасат» ордені екі депутатқа табысталды. Олар:
Бибігүл Нұрғалиқызы Жексенбай, Парламент Сенатының депутаты;
Айгүл Сайфоллақызы Құспан, Парламент Мәжілісінің депутаты;
Гүлдана Рахымбекқызы Ноғайбаева, Абай облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасының әншісі және әртісі.