Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай ШҚО төтенше жағдайлар департаменті бұрымы ұзын қызметкерлері арасында байқау өткізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Байқау нәтижесінде Глубокое ауданық төтенше жағдайлар бөлімінің инженері, азаматтық қорғаныс майоры Сымбат Демесінова жеңімпаз атанды. Оның шашының ұзындығы 93 см болды. Екінші орынды бұрымының ұзындығы 85 см-ге жеткен Белоусовка кенті ӨБ-24 радиотелефоншысы, азаматтық қорғаныс кіші сержанты Ақмарал Баймолдина иеленді. Үздік үштікті Шемонаиха аудандық төтенше жағдай бөлімінің ӨБ-28 радиотелефоншысы, азаматтық қорғаныс кіші сержанты Наталья Лейс-Бычкова түйіндеді. Оның шашының ұзындығы – 73 см.
Үздік атанған үш ару бауқау көрермендеріне шашты күтіп-баптаудың қыр-сырын айтты.
Ешқандай құпиясы жоқ, ең бастысы шашты табиғи жолмен өсіру керек. Әйтпесе әдемілік те, қолаң шаш та болмайды”, - деді олар.
ҰЗЫН БҰРЫМ НЕНІҢ БЕЛГІСІ
Бағзыдан жеткен таным-түсінік бойынша әйел заты үшін қолаң шаш көрікті де сымбатты болудың амалы ғана емес, сонымен қатар ішкі күш-қуатының деңгейін айғақтап тұратын өлшем ретінде де қабылданған. Ерте заманда әлемнің барлық елдерінде әйелдер шашын ұзын етіп өсірген және оны бұрым қылып өріп жүрген. Шашы ұзын әйел ақылды, дана, мейірімді, күш-қуаты мен адамгершілігі мол, жандүниесі таза, рухы мықты адам ретінде саналған.
Қазір нәзік жандар шашын қысқартып, қиып тастайды. Бірақ олар шашты қиған сайын өзінің күш-қуатынан айырылатынын білмейді. Сол секілді өзінің шашын өзі кесу – жаман ырым. Оның тәнге де, жанға да зияны бар екенін бабаларымыз айтып кеткен. Сондықтан атам қазақ қиылған немесе жерге түскен, тарақта қалған шашты жерге көміп, не өртеп жіберген.