×
494.84
537.4
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.84
537.4
5.58

“Тозақтағы” 100 күн: Өскеменнің халқы қалай өмір сүріп жатыр

08.03.2025, 17:05
“Тозақтағы” 100 күн: Өскеменнің халқы қалай өмір сүріп жатыр
Фото: Устинка LIVE

Өскеменде былтыр 100 күннен артық уақыт қолайсыз метеорологиялық жағдай (ҚМЖ/НМУ) тіркелген. Көк түтінге көмілген қаланың тұрғындары әр үш күн сайын улы газ жұтып өмір сүріп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Мұндай күндері ауада күкірт диоксиді, күкіртсутек, азот оксиді және басқа да зиянды заттардың шектен тыс мөлшері болады. Ал бұл улы газдар тұрғындардың денсаулығына кері әсер етеді. Соның салдарынан ҚМЖ күндері ауруханаларға тамағы күйген, жөтелген, тыныс алуы қиындаған және басқа да түрлі ауру белгілерімен келетін адамдар саны күрт көбейеді.

Өскеменнің ірі кәсіпорындарында ауаға шығарылатын зиянды қалдықтардың мөлшерін бақылап отыратын автоматты мониторинг жүйелері орнатылған.

– Тексеру кезінде ауадағы зиянды қалдықтардың белгіленген мөлшерден асып кетуі барлық өнеркәсіптік кәсіпорындарда тіркелді. Шекті мөлшерден асып кету жағдайлары былтыр желтоқсанда және биыл қаңтарда тіркелді, - деді ШҚО экология департаменті басшысының міндетін атқарушы Азамат Тауырбеков

Өңірдің бас экологы Өскемендегі ҚМЖ бір жылда 100 күннен кем болмайтынын айтты.