×
494.84
537.4
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.84
537.4
5.58

Алматы маңында тағы бір қар көшкіні тіркелді

Бүгін, 18:51
Алматы маңында тағы бір қар көшкіні тіркелді
фото: shutterstock.com

"Ақбұлақ" тау-шаңғы курортында қар көшкіні тіркелді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бүгін 15:50-де СОК "Ақбұлақ" тау-шаңғы курортында, 2664 метр биіктікте, көлемі 300 м³ болатын қар көшкіні өздігінен жүрді. Көшкін сайға түсті.

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, сондай-ақ қирау фактілері тіркелмеген.

Оқиға орнына «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінен, Алматы облысы ТЖД және курорт әкімшілігінен 5 маман мен 3 техника бірлігі жұмылдырылды, – деп хабарлады өңірлік ТЖД.

Мамандар курорт маңындағы қар жамылғысына тұрақты мониторинг жүргізуде.

Айта кетейік, бүгін қар көшкіні Шымбұлақ тау-шаңғы курортында да орын алды. Оқиғаға туристер кінәлі деп танылды.