Орта салмақтағы отандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам келесі 2022 жылдың 21 қаңтарында британдық Джимми Келлимен күш сынасатын болды деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
10 раундтан тұратын кездесудің өзі АҚШ-тың Флорида штатында, Плант-Сити қаласында өтпек.
37 жастағы қазақстандықтың жаңа қарсыласы, 29 жастағы Келли соңғы рет осы жылдың 12 желтоқсанында жерлесі Гарри Мэттьюсті нокаутпен жеңген. 2015 жылы WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағына таласта Лиам Смиттен техникалық нокаутпен жеңіліс тапқан. Ал Қанат Ислам бұған дейін осы жылдың ақпан айында Майамиде эквадорлық Джейсон Минданы тізе бүктірді.