Жұма күнгі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 494,26 теңгеге дейін төмендеді (-2,07 теңге). Сарапшылар оған не себеп болғанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
САРАПШЫЛАР НЕ ДЕЙДІ
Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының мәліметінше, бұл үрдіс негізінен ұлттық банктің базалық мөлшерлемені 15,25%-дан 16,50%-ға дейін көтеру туралы шешімімен байланысты болды. Мұндай шешім инфляцияның жеделдеуі және оның одан әрі өсу қаупінің жоғары болуына байланысты қабылданды.
- Сонымен қатар, сыртқы факторлардан инфляциялық қысым жасалып жатыр. Оған Ресейдегі инфляцияның жеделдеуі, геосаяси тәуекелдердің күшеюі және мұнай бағасының төмендеуі әсер етуде. Осы тұрғыда айта кететін жайт, орталық банк 2025 жылға арналған инфляция болжамын 6,5-8,5%-дан 10-12%-ға дейін, ал ЖІӨ өсімін 4,5-5,5%-дан 4,2-5,2%-ға дейін төмендетті, деп жазады сарапшылар.