Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысының әкімі Берік Уәлиді қабылдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
БАЯНДАМА
Облыс әкімінің баяндамасынан:
ТАПСЫРМА
Президент облыс әкіміне Үкіметпен бірге өңірді қарқынды дамыту жолдарын қарастырып, өзекті мәселелерді кезең-кезеңімен шешуді тапсырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев өңдеу өнеркәсібін өркендету, жаңадан тұрақты жұмыс орындарын ашу, облыс орталығын абаттандыру және инфрақұрылымды дамыту бағытында шаралар қабылдау қажет екеніне тоқталды.
ТАҒАЙЫНДАУ
Еске салайық, Берік Уәли 17 ақпанда Абай облысының әкімі болып тағайындалды. Ол Тоқаевтың кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы болған.