×
505.15
550.31
5.89
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
505.15
550.31
5.89

Айыппұл төлегенде 50% жеңілдік кімдерден алынып тасталады – Бектенов жауап берді

11.03.2025, 17:08
Айыппұл төлегенде 50% жеңілдік кімдерден алынып тасталады – Бектенов жауап берді
Ulysmedia коллажы

Үкімет басшысы Олжас Бектенов жол ережесін бұзатын азаматтарға жаза қалай күшейтіліні жөнінде депутаттардың сұрағына жауап берді. Оның айтуынша, мәжіліс депутаттары қазір екі үлкен заңға өзгеріс енгізгелі жатыр. Ол заңдар қолдау тауып күшіне енсе, жүргізушілерге жауапкершілік күшейтіледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

БЕКТЕНОВ НЕ ДЕЙДІ

Бектеновтің жауабында жазылғандай, мәжіліс депутаттары «жаңа көлік түрлерінің қозғалысын реттеу және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Жаңа көлік түрлерінің қозғалысын реттеу және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша әкімшілік кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізгелі жатыр. Заң жобалары аясында келесі түзетулер қарастырылған. 

ЕРЕЖЕНІ КӨП БҰЗАТЫНДАР ЕМТИХАНҒА ҚАЙТА ЖІБЕРІЛЕДІ

Жыл ішінде көлік және жол шаруашылығы саласында он және одан да көп құқықбұзушылық жасаған тұлғаларды жол қозғалысы ережелері (ЖҚЕ) бойынша білімін тексеруге жіберу және емтихан тапсырғанға дейін көлік құралын басқару құқығын уақытша тоқтата тұру жөнінде ұсыныс бар. Сонымен қатар, жүргізушіні емтиханға жіберуге негіз болатын әкімшілік кодекстің баптар тізімі кеңейтіліп, жол қозғалысы қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін құқық бұзушылықтар енгізілмек.

50% ЖЕҢІЛДІКТЕН КІМДЕР ҚАҒЫЛАДЫ

Көлік және жол шаруашылығы саласында жыл ішінде он және одан да көп құқықбұзушылық жасаған тұлғаларға әкімшілік өндірістің қысқартылған тәртібін (50% айыппұл) қолдануды алып тастау жөнінде де ұсыныс қаралуда. Бұл шара жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін жүйелі түрде бұзуының алдын алып, олардың жеке жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

КӨЛІК ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫН ТОҚТАТА ТҰРУ

Көлік құралын басқару құқығын тоқтата тұруға негіз болатын жағдайларды нақтылау және кеңейту. Қазіргі уақытта бұл механизм тек жүргізушіні мерзімінен бұрын медициналық тексеруге жіберу кезінде қолданылады. Ұсынылып отырған өзгерістерге сәйкес, жүргізушіні ЖҚЕ білімін тексеру үшін емтиханға жіберу және денсаулық сақтау органдарының ақпараттық жүйелеріндегі медициналық қарсы көрсетілімдер туралы деректер (диспансерлік есеп, медициналық тексеру қорытындысы және т.б.) негізінде де тоқтата тұру мүмкіндігі қарастырылған.

Көлік құралын басқару құқығын тоқтату және қалпына келтіру құзыретін сот органдарынан ішкі істер органдарына беру. Бұл өзгеріс келесі жағдайларға қатысты:

  • жүргізуші куәлігінің қолданылу мерзімі аяқталуы;
  • медициналық қарсы көрсетілімдердің анықталуы;
  • ЖҚЕ білімін тексеру емтиханын тапсырмау;
  • жүргізушілерді даярлау қағидаларын бұза отырып, жүргізуші куәлігін беру.

Қазіргі уақытта бұл түзетулер үкіметтің қорытындысы аясында келісу рәсімінен өтіп жатыр.