×
441.58
480
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.58
480
4.86

Instagram-да танысқан: Жамбыл облысында ер адам 12 жасар қызды зорлады

21.09.2021, 21:57
ашық дереккөз

Күдікті мектеп оқушысымен Instagram әлеуметтік желісінде танысқан, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Taunews парақшасында хабарланғандай, зорлау фактісі Жамбыл облысының Меркі ауданында болған.

«Жамбыл облысында 12 жасар қызды 35 жастағы ер адам зорлаған. Жан түршігерлік оқиға Меркі ауданында болған. Күдікті оқушы қызбен инстаграмда танысқаны анықталды. Қылмыстық іс қозғалып, күдіктіге іздеу жарияланды», - делінген хабарламада.

«Меркі облыстық полиция бөліміне Мерке ауылының кәмелеттік жасқа толмаған тұрғыны Жамбыл облысының балалар ауруханасына жүгінгені туралы хабарлама келді», - дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары аясында қажетті сараптама жасалды. Тергеу амалдарына кедергі келтірмес үшін оқиғаның анық-қанығы әзірге жарияланбайды.

Серіктес жаңалықтары