×
495.28
538.32
5.77
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.28
538.32
5.77

Адамды жерлеу бизнеске айналды. Сенатор дабыл қақты

13.03.2025, 12:00
Адамды жерлеу бизнеске айналды. Сенатор дабыл қақты
Ашық дереккөзден

Сенатор Андрей Лукин зираттарды күтіп-ұстау және жерлеу қызметтерінің құнын реттеу мәселелерін көтерді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘСЕЛЕ НЕ ЖАЙЛЫ

Қазақстанда жерлеу қызметтері саласында айтарлықтай мәселелер жиналып қалған. Олардың ішінде заңсыз жұмыс істейтін жерлеу бюролары, зираттарды күтіп-ұстау проблемасы және мемлекеттік бақылаудың жоқтығы да бар. Зираттарды жеке меншікке беру қоғамда алаңдаушылық туғызып, бағаның өсуіне, жерлеу орындарына қолжетімділіктің шектелуіне және дәстүрдің бұзылуына әкелуі мүмкін. Сенатор Андрей Лукин Үкімет басшысының атына жолдаған депутаттық сауалында осы мәселе туралы айтты.

ДЕПУТАТ НЕ ДЕЙДІ

Тәжірибе көрсетіп отырғандай, жерлеу қызметтері нарығын бәсекелестік ортаға беру монополияға айналу және қылмыстық әрекетке ұласу қаупін тудырады. Бұл жерлеу орындарына байланысты алаяқтыққа, учаскелерді заңсыз сатып, ақшаға бөлуге, сондай-ақ жерлеу есебін жүргізуде түрлі алдарқатуға – жерлеу орындарын қайта сатуға, заңсыз эксгумацияға әкелуі мүмкін. Мұның бәрі азаматтардың құқығын бұзып, құқық қорғау органдарының жұмысына әсер етеді», – деп атап өтті сенатор Лукин.

ҰСЫНЫС

Сенатор осыған байланысты зираттардың тек мемлекеттік меншік объектісі ретінде заңнамалық деңгейде бекітілуін, жерлеу рәсіміне мемлекеттік цифрлық есеп жүргізу жүйесін құруды, жерлеу қызметтері бағасына бақылауды енгізуді және жерлеу орындарына заңсыз мәміле жасауға қатаң жауапкершілік белгілеуді ұсынды.«Марқұмдарды жерлеуге байланысты қатынастарды реттеу және жерлеу ісінің құқықтық негіздерін айқындау мақсатында уәкілетті мемлекеттік органдарға «Қазақстан Республикасындағы жерлеу және жерлеу ісі туралы» заң жобасын әзірлеуді тапсырған жөн деп санаймыз» деді Лукин.