×
489.15
533.47
5.64
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
489.15
533.47
5.64

Әншіні соққыға жыққан ҰҚК-нің экс-қызметкері айыппұлмен құтылып кетті

Әншіні соққыға жыққан ҰҚК-нің экс-қызметкері айыппұлмен құтылып кетті
Ulysmedia.kz коллажы

Bika Breezy лақап атымен белгілі әнші әрі блогер Биназир Ермағанбетованы соққыға жыққан ҰҚК-нің экс-қызметкері айыппұлмен құтылып кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ОҚИҒА ТУРАЛЫ

Биназир Ермағанбетованың айтуынша, оқиға 29 қаңтарда үйінің алдында болған. Артынша блогер полицияға арыз жазған. Ал оған тап берген ер адам ҰҚК-нің бұрынғы қызметкері көрінеді. Ер адам блогерді бетінен жұдырықпен ұрып, жерге құлатып, ұруын жалғастырған. 

САРАПТАМА 

Сараптама қорытындысына сәйкес блогер бет-жақ аймағынан жарақаттар алған. Соттың мәліметінше, ол денсаулыққа жеңіл зиян келтіру санатына жатады.

ТАРАПТАР НЕ ДЕДІ

Сотта прокурор сотталушыны қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған айыппұл түрінде жаза тағайындауды сұраған. Ал блогер мен оның өкілі заңға сәйкес жаза тағайындауды сұрады.

КҮДІКТІ КІНӘСІН МОЙЫНДАМАДЫ

Күдікті ер адам сотқа блогерді әдейі ұрмағанын айтып, кінәсін мойындамады. 

СОТ ҮКІМІ

Ұсынылған дәлелдер мен зерттелген материалдарға сүйене отырып, ер адамға ҚР ҚК 109-1-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оған 20 айлық есептік көрсеткіш, яғни 78 640 теңге мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

ӘНШІ ҮКІММЕН КЕЛІСПЕЙДІ

Биназир Ермағанбетова соттың үкімімен келіспейтінін айтып, өзін соққыға жыққан ер адамды 14-15 тәулікке қамауды талап етті.