×
495.28
538.32
5.77
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.28
538.32
5.77

Үш жыл бұрын қақтығысқан Қырғызстан мен Тәжікстан шекара мәселесінде ортақ шешімге келді

13.03.2025, 13:08
Үш жыл бұрын қақтығысқан Қырғызстан мен Тәжікстан шекара мәселесінде ортақ шешімге келді
Ашық дереккөзден

Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы шекара мәселесі шешілді. Садыр Жапаров пен Эмомали Рахмон келісімге қол қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

КЕЛІСІМ НЕ ЖАЙЛЫ

Алдын ала мәлімет бойынша, Қырғызстан мен Тәжікстан президенттері ратификациялық грамоталарды бір-біріне 31 наурызда Ферғана жазығында өтетін саммитте тапсыруы мүмкін, деп жазады 24.kg.

Ратификациялық құжаттар алмасқаннан кейін ғана шекарада демаркация процесі – яғни, шекаралық белгілер мен басқа да инфрақұрылым нысандарын орнату жұмыстары басталады.

Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы шекараның жалпы ұзындығы – 1 006,84 шақырым. Оның 519,9 шақырымы 2011 жылға дейін нақтыланса, соңғы үш жылда тағы 486,94 шақырымы келісілген.

Еске сала кетсек, ақпан айында Қырғызстан мен Тәжікстан мемлекеттік шекараны делимитациялау жөніндегі келіссөздерді аяқтап, қорытынды хаттамаға қол қойған болатын.

ҚАҚТЫҒЫС ЖАЙЛЫ

Қырғызстан мен Тәжікстан әскери қызметкерлері арасындағы қақтығыс 2022 жылы 14 қыркүйекте – Самарқандтағы ШЫҰ саммитінің қарсаңында басталып, 19 қыркүйекке дейін жалғасқан еді.

Бұл қақтығыс Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы шекара дауы басталғалы ең ірісі әрі ең қанқұйлысы болды. Қарулы қақтығысты бірінші болып кім бастағаны туралы тараптар бір-бірін айыптады.

Қырғызстан билігінің мәліметінше, қақтығыс кезінде Қырғызстан тарапынан 63 адам қаза тауып, 140 мыңға жуық тұрғын эвакуацияланған. Тәжікстан сыртқы істер министрлігінің деректеріне сәйкес, тәжік тарапынан 83 адам көз жұмған. "Радио Озоди" Тәжікстан тарапынан қаза тапқандардың аты-жөні көрсетілген 83 адамның тізімін жариялады. Қырғызстан билігінің мәліметінше, қақтығыста 200-ден астам тәжік әскери қызметкері қаза тауып, шамамен 400 адам жараланған. Тәжікстан билігінің деректеріне сәйкес, соңғы 12 жылда тәжік-қырғыз шекарасында қару қолданылған 230-дан астам қақтығыс орын алған.

2022 жылғы 20 қыркүйекте екі ел бейбіт келісімге қол қойды.