Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер мен Франция президенті Эммануэль Макрон 37 елдің арасында Украинаға қатысты «қалаулылар коалициясын» құру туралы келіссөздер жүргізуде, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, Ұлыбритания мен Франция Киевтің қауіпсіздігіне кепілдік беретін жоспар әзірлемек.
- Украина қауіпсіздігінің бірінші кепілі - Украина армиясының өзі, оның мүмкіндіктері, қару-жарағы, дайындығы деген кең консенсус туындайды, дейді Францияның қорғаныс министрі Себастьян Лекорну Парижде өткен баспасөз мәслихатында.
Кир Стармер мен Франция президенті Эммануэль Макрон 37 елдің арасында бейбіт келісімге қол жеткізілген жағдайда Украина үшін «қалаулылар коалициясын» құру туралы келіссөздер жүргізуде.
- Ол Еуропа, Достастық және Азия елдері Украинаны Ресейдің одан әрі агрессиясынан қорғауға көмектесу үшін қаржы, әскер, ұшақ немесе әскери-теңіз күштерімен қамтамасыз етуді көздейді, деп жазады басылымдар.