Қазақстандық блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегенованың сәнді тойы әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
12 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ТОЙ
Миллиондаған оқырманы бар танымал блогерлер 12 жыл бірге өмір сүргеннен кейін салтанатты түрде той өткізді. Ерболат әйеліне тосынсый жасап, оның армандаған салтанатын ұйымдастырды.
"Мен бақыттымын, Ерболат менің арманымды, әрбір қыз, әйелдің арманын орындады – 12 жыл бірге өмір сүргеннен кейін де ақ көйлек кидім", – деді жұбайы Эльмира.
Той қонақтарының арасында Қайрат Нұртас, Мот есімімен танымал Матвей Мельников, Тұрар Ыдырыс, Amre, блогерлер Мадинахон Мамадалиева, Зарина Нұржанова және басқа да атақты адамдар болды.
Ең көп талқыланған сәттердің бірі көп қабатты той тортының видеосы болды. Қонақтардың бірі десерттің бағасы 40 миллион теңге болғанын айтты. Бұл сома әлеуметтік желілерде көп реакция тудырды.
Желі қолданушыларының бірі бұл соммаға таңғалса енді бірі торттың осынша тұратынын күмәнмен қарады.
"Жоға, бұл торт 40 миллионға тұрмайды. Өнімдерге және жұмысына көп дегенде 1 миллион " – дейді желі қолданушысы.
БҰҒАН ДЕЙІН
Салық органдарынан ескерту алған блогерлер 1,5 млрд теңге көлемінде салық төлегенін жазған едік.
15 блогерге қосымша 1,5 млрд теңге салық төледі, олар бюджетке 75 млн теңге аударды. Ірі салық төлеушілерге, соның ішінде құрылыс компанияларына қатысты да осындай тәжірибе қолданылып жатыр, бұл салық комитетінің жұмыс істеу тәсілдерінің бірі, — деді Жұманғарин.
Оның айтуынша, блогерлердің мемлекетке қарызы бар екенін көрсететін тізімнің жариялануы салық комитетінің кейбір жұмыс аспектілерін ашып көрсеткен.
Министр сондай-ақ осындай хабарламалардың ірі бизнес өкілдеріне де жіберілгенін атап өтті.
Еске салайық, біраз уақыт бұрын сегіз қазақстандық блогер 1,2 млрд теңге табысын өз еркімен декларациялағаны белгілі болды.