×
504.44
545.65
5.95
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
504.44
545.65
5.95

Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі өзгермейтін болды

14.03.2025, 16:11
Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі өзгермейтін болды
Ulysmedia.kz коллажы

Аталған мәселеге ұлттық құрылтайда мемлекет басшысы нүкте қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОҚАЕВ НЕ ДЕЙДІ

Құрылтайда Тоқаев бірыңғай уақыт белдеуіне көшуге қатысты пікірталасқа тоқталды. Президенттің сөзінше, Үкімет пен Парламент бұл мәселені талқылап, арнайы зерттеулер жүргізілді, шешімге күмән келтірген қоғам белсенділерінің қаупі мен күмән-күдігі расталмаған.

Үкіметтің және депутаттардың басым көпшілігінің, сондай-ақ мамандардың уәжімен келісемін: біздің кең-байтақ жеріміз бар, халқымыздың саны да салыстырмалы түрде алғанда көп емес. Сондықтан елімізде бірыңғай уақыт белдеуі болуға тиіс. Бұл тәсіл мемлекетті басқару ісін жеңілдетеді, логистика мен көптеген бизнес-үдерісті оңтайландыруға септігін тигізеді. Осымен пікірталасты доғару қажет деп ойлаймын, оның үстіне бұл мәселені саясиландырудың қажеті жоқ, – дейді ол.

Еске салайық, бұған дейін Шығыс Қазақстанның Тарбағатай, Зайсан, Күршім, Самар, Марқакөл және Үлкен Нарын аудандарында жұмыс уақыты ресми түрде өзгерген болатын. 

Енді бұл аудандарда жұмыс күні таңғы 08:00-де басталып, кешкі 17:30-да аяқталады. Түскі үзіліс 12:00-ден 13:30-ға дейін аралығында болады.