×
495.28
538.32
5.77
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.28
538.32
5.77

Қазақстанда Ядролық энергетика агенттігі құрылады

Қазақстанда Ядролық энергетика агенттігі құрылады
pixabay.com

Қазақстанда президент жанындағы Ядролық энергетика агенттігін құрылады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Тоқаев Ұлттық құрылтайда айтты. Ол қазақстандықтар референдумда бірінші атом электр стансасын салу туралы шешімге қолдау көрсеткенін айтты.

- Бұл қадам алыс болашақтағы ахуал қалай болатынын ескере отырып, энергетика саласын кешенді түрде, жан-жақты ойластырып дамыту қажеттігін көрсетеді. Мәселе еліміздің энергияға деген қазіргі сұранысын қанағаттандыруға ғана тіреліп тұрған жоқ. Біз үшін ел экономикасының ондаған жыл бойы қарқынды дамуына берік негіз болатын жаңа энергетика саласын қалыптастырудың стратегиялық маңызы бар. Мен, дәл сол себепті, Қазақстанға бір емес, үш атом электр стансасын салып, ақырында толыққанды ядролық кластер қалыптастыру қажет деп есептеймін, дейді Тоқаев. 

Президент осы міндеттің айрықша маңызды екенін ескеріп, жаңа агенттік құру туралы шешім қабылдағанын айтты.

- Мен Президент жанындағы Ядролық энергетика агенттігін құру туралы шешім қабылдадым. Біз газ бен көмір өндіру ісіндегі мүмкіндіктерімізді, сондай-ақ жаңартылатын қуат көздерінің әлеуетін толық пайдалануымыз керек, дейді Тоқаев.