×
505.15
550.31
5.89
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
505.15
550.31
5.89

Бүгін қазақстандықтар "Қайырымдылық күнін" атап өтеді

Бүгін, 10:40
Бүгін қазақстандықтар "Қайырымдылық күнін" атап өтеді
Жасанды интеллект/Ulysmedia

Бүгін, 15 наурызда Қазақстан халқы «Қайырымдылық күнін» атап өтеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Наурызнама онкүндігіне сәйкес, «Қайырымдылық күні» өзара сыйластық пен тату көршілік тақырыбына арналған. Бұл күні ел аумағында адамгершілік құндылықтарды нығайтуға бағытталған, жанашырлық, мейірімділік, ізгілік сияқты асыл қасиеттерді ту еткен қайырымдылық шаралары өтеді. Әдетте адамдар жетім-жесірге, мұқтаж жандарға қайырымдылық көмек көрсетіп, қолдау білдіреді.

ЖАҢА ФОРМАТ

Естеріңізге сала кетсек, былтыр президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа форматы – Наурызнама онкүндігі енгізіліп, мерекенің жаңа логотипі бекітілген. Ұлыстың ұлы күнін жаңа форматта тойлау көнеден тамыр тартқан мерекенің мағынасын тереңдетіп, мәнін аша түспек. Халқымыздың мәдени мұрасына айналған Наурыз мейрамын тойлау 14-23 наурыз аралығында жалғасады.

НАУРЫЗНАМА ОНКҮНДІГІ

14 наурыз – «Көрісу күні – Амал мерекесі». Бұл күні адамдар бір-бірімен емен-жарқын қауышып, ізгі тілектерін айтады.

15 наурыз – «Қайырымдылық күні». Бұл күні жанашырлық пен өзара қол ұшын беру құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған жаппай қайырымдылық шаралары өтеді.

16 наурыз – «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні». Бұл күн мәдени мұраны, өнерді және ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттауға арналған. 

17 наурыз – «Шаңырақ күні». Бұл күні үлгілі отбасыларға, адамгершілік тәрбие мәселелеріне арналған іс-шаралар өтеді.

18 наурыз – «Ұлттық киім күні». Бұл күні стильдендірілген сән көрсетілімдері мен фестивальдар өтеді.

19 наурыз – «Жаңару күні». Бұл күні көктемгі ағаш отырғызу дәстүрі жалғасын табады.

20 наурыз – «Ұлттық спорт күні». Бұл күні ұлттық спорт түрлерінен жарыстар мен турнирлер өтеді.

21 наурыз – «Ынтымақ күні». Бұл күн Қазақстан халқының бейбітшілігі мен бірлігін бейнелейді. 

22 наурыз – «Жыл басы». Бұл күннің оның аясында бұқаралық іс-шаралар мен халықтық мерекелер өтеді.

23 наурыз – «Тазару күні». Су көздерін аршып, аулаларды қардан және қоқыстан тазалау бойынша жаппай іс-шаралар өтеді.