×
505.15
550.31
5.89
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
505.15
550.31
5.89

Алматы облысында дөңгелек зауыт отқа оранды

Бүгін, 14:40
Алматы облысында дөңгелек зауыт отқа оранды
ҚР ТЖМ

Алматы облысы Талғар ауданының Жаңалық ауылы маңында орналасқан дөңгелек зауыт отқа оранды, деп хабарлайды Ulysmedia.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қазір оқиға орнында төтенше жағдай қызметінің өрт сөндірушілері тілсіз жаумен арпалысып жатыр.

ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, алапат өртті ауыздықтау жоғары температура мен үлкен өрт жүктемесіне байланысты қиындай түскен.

Зардап шеккендер туралы ақпарат 112-ге түскен жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, делінген хабарламада.

Оқиға орнына төтенше жағдайлар министрі де келді.

Алматы облысында жұмыс сапары мен жүрген ТЖ министрі, генерал-майор Шыңғыс Аринов өрт сөндіруді тікелей үйлестіріп, басқарады, - деп қосты ТЖМ баспасөз қызметі.