×
505.15
550.31
5.89
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
505.15
550.31
5.89

Көрермендер залдан жылап шықты: «Менің атым Қожа» фильмінің жалғасы үлкен экранға жол тартты

Бүгін, 15:42
Көрермендер залдан жылап шықты: «Менің атым Қожа» фильмінің жалғасы үлкен экранға жол тартты
qalan.kz

Алматыда «Менің атым Қожа» фильмінің жалғасы ретінде түсірілген «Қожа. Жаңа саяхат» кинокартинасының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Ulysmedia juldyzdar_news-ке сілтеме жасап.

КӨРЕРМЕНДЕР НЕ ДЕЙДІ?

Көзі қарақты көрерменін балалық шаққа жетелеп әкететін туындының көпшілік көңілінен шыққаны байқалды. Көз жасына ерік берген қыздар, қайта оралмас балғын шағын есіне алып, елжіреген үлкендер бәрі де жаңа фильмнің сәтті шыққанын әлеуметтік желі арқылы айтып жатты.

Көрермендердің бірі «Жүректесің Қожа!» деп ағынан жарылса, енді бірі «Жыладық, өте әсерлі шығыпты» деп тамсанды.

Сондай-ақ үлкендер жағы «Біз осы киномен өскенбіз, енді балаларымды алып келдім. Бұлар да осы киноны көріп өссін» деп отандық өнімді қолдайтынын жеткізді.  

«Қожа. Жаңа саяхат» кинокартинасы еліміздің кинотеатрларында 13 наурыздан бастап көрсетіле бастады.

Айта кетейік, жаңа кинотуынды Алматы облысының Кеген ауданы, Жалаңаш, Саты ауылдарында түсірілген.