×
505.15
550.31
5.89
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
505.15
550.31
5.89

Optimus роботы Марсқа ұшады: Илон Маск бірегей жобаның ерекшелігі туралы айтты

Бүгін, 17:36
Optimus роботы Марсқа ұшады: Илон Маск бірегей жобаның ерекшелігі туралы айтты
SpaceX/via Globallookpress.com

Tesla және SpaceX компанияларының негізін қалаушы Илон Маск 2026 жылдың соңында адамға ұқсас робот Марсқа сапар шегетінін мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл туралы ол Х әлеуметтік желісінде жазды. Оның айтуынша, адам тәрізді Optimus роботы әйгілі Starship ракетасымен ұшырылмақ. Егер сапар сәтті болса, 2029 жылға қарай «Қызыл ғаламшарға» адам аттануы мүмкін. Бірақ бұл тарихи оқиға 2031 жылдан ерте болмайды деп болжап отыр мамандар.

Optimus – Tesla компаниясы жасаған роботтың прототипі. Илон Масктың жоспарлары бойынша бұл құлтемірлер биылдан бастап шектеулі мөлшерде шығарыла бастамақ. Адам тәріздес робот күнделікті күйбең тірліктегі шаруаларды істеуге көмектесіп ғана қоймай, сонымен қатар қауіпті тапсырмаларды да орындауға қабілетті. Олардың бағасы шамамен 30 мың доллар.

Былтыр күзде Маск алдағы екі жылда бес бірдей ұшқышсыз Starship ғарыш кемесі ұшырылатынын айтқан. Оның сөзіне қарағанда, егер миссия сәтті іске асырылса, адам басқаратын рейстер төрт жылдан кейін сапарға аттанады.