×
505.15
550.31
5.89
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
505.15
550.31
5.89

Күдікті ұсталды: зорлық көрген 15 жастағы қызға қатысты жаңа деректер анықталды

Бүгін, 19:53
Күдікті ұсталды: зорлық көрген 15 жастағы қызға қатысты жаңа деректер анықталды
Ашық дереккөздерден алынды

Қарағанды облысында өгей әкесі тұрмысқа берген 15 жастағы қызға зорлық көрсеткен 38 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Ұлысмедиа.   

ДӘЙЕКСӨЗ

15 жастағы қызға қатысты қылмыс жасады деп күдікпен 38 жастағы ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полицияға арыз 15 наурызда келіп түсті, содан кейін дереу қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу аясында оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тиісті сот сараптамалары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады полиция департаментінен.

Сондай-ақ полиция қызметкерлері кәмелет жасына толмаған жәбірленушімен психологтар жұмыс істеп жатқанын, ал жасөспірім туған әкесінің үйінде екенін атап өтті.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Қарағанды облысының Абай қаласында өгей әкесі 15 жастағы қызды 38 жастағы танысына тұрмысқа бергені туралы жазғанбыз.