Танымал продюсер Баян Мақсатқызы сәлем салу туралы сөз қозғап, тағы талқыға түсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Баян Мақсатқызы жапондар мен корейлердің бір-біріне иіліп, сәлем беретін дәстүрі ұнайтынын айтып, ол елдерде тек әйелдер емес, ерлер де сәлем салатынын айтты.
- Сәлем салу менің ДНҚ-мда жоқ нәрсе. Біздің Оралда сәлем берген емес. Мен ондайды көрмедім. Қандай проблема екенін түсінбей тұрмын. Мен шындықты айттым. Орал қаласында ешқашан сәлем беру болған емес. Бәлкім атам немесе әкем маған оны үйретпеген шығар. Бірақ бұл мәселеде ешқандай проблема көріп тұрған жоқпын. Неге сәлем салу керекпіз? Үлкен адамды сәлем салмай-ақ құрметтеуге болады ғой. “Сәлем бердік, қалыңыз қалай, бәрі дұрыс па?” деп сұраймын. Көп адамды құрметтеймін. Жасын да, кәрісін де құрметтеймін. Мен жақсы тәрбие алып өскен адаммын, дейді подкастта.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық бұған дейін Баян Мақсатқызының “сәлем салу мен үшін жабайылық” деген пікірі қызу талқыға түскен болатын.
Баян Мақсатқызы подкасттардың бірінде сәлем салуға қатысты ойын айтқан.
- Маған ешқашан да ер адамға бас ию дегенді үйреткен емес. Алматыға барғанымда Шымкенттен келген қыздардың үнемі иіліп, сәлем салуы мен үшін өте жабайылық болды. Не үшін иілесің десем бұл қалыпты жағдай, солай болуы керек дейді. Кешіріңіздер, мен әкемді құрметтеймін. Атама деген құрметім шексіз. Үлкендерге, ер адамдарға құрметпен қараймын. Бірақ иіліп, сәлем салу деген менде атымен жоқ. Маған оны үйретпеген. Үйрете де алмайды. Бұл – менің таңдауым. Мені әжем еркін өсіріп, тәрбиелеген. Батыста біздің қыздар еркіндікті жақсы көреді. Дәл осы жақта туып-өскеніме қатты қуанамын, дейді Баян Алагөзова.