Көпшілікке “тикток имам” аталып кеткен Нұрлан имам Байжігітұлы Еуразия Ұлттық Университетінің студенттерімен кездесті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Тәрбие сағатының тақырыбы «жат ағымдардан сақтану және ұлттық құндылықтар» туралы болды. Астана қаласында бірнеше діни жат ағымдардың топтары бар екенін ескертіп, жастарды олардан сақтануға және студенттік уақытты пайдалы өткізуге шақырды. Студенттердің ораза мен намаз туралы сұрақтарына әдетінше әзіл-қалжың арқылы жеңіл жолмен жауап берді.
Ауыз уақытыменен ашылады, уақытыменен жабылады. Ауыз ашардың уақыт кірді ме, сенің ауызың ашық. Құрмамен ашқан сауаптырақ, құрма болмаса су, су болмаса тұз. Біреу айтады coca-cola-ны жақсы көремін деп, қаласаң coca-cola-мен аша бер, – деді ол.
Нұрлан имам сөз арасында теологиялық білім алу үшін Америкаға аттанатынын айтты.
НҰРЛАН БАЙЖІГІТҰЛЫ
Нұрлан Байжігітұлы — Қазақстандағы танымал имамдардың бірі. Оның халық арасында беделі жоғары, себебі ол діни мәселелерді қарапайым әрі түсінікті тілмен жеткізеді. Нұрлан имамның уағыздары тек діни емес, күнделікті өмірдегі маңызды мәселелерді де қамтиды. Ол жастарға дұрыс бағыт-бағдар беріп, ораза сияқты құлшылықтардың шынайы мәнін түсіндіреді.
Ораза — мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айында парыз етілген ғибадат. Бұл айда мұсылмандар таңның атысынан күннің батысына дейін ішіп-жеуден, жаман сөздер мен істерден бас тартады. Оразаның басты мақсаты — сабырлылықты арттыру, рухани тазару.
Авторы Нұрбол Құралов