Судья Айжан Құлбаева спорттық турнирде жеңіске жетіп, көзге түсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Судьялар одағының Астана қаласы бойынша бөлімшесі волейбол, үстел теннисі, шахмат және дойбыдан жарыс ұйымдастырған. Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрайымы Айжан Құлбаева шахматтан мықты болып шықты. Екінші орынды елордалық ювеналдық соттың төрайымы Лейла Зинашева иеленді.
БИШІМБАЕВ ІСІ
Айта кетейік, былтыр 13 мамырда Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталған болатын. Ол азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікке ілінген. Экс-министр жазасын қатаң режимдегі түзеу мекемесінде өтеп жатыр.