×
499.04
544.45
5.96
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
499.04
544.45
5.96

Қазақстанда тағы бір ауыл ішімдіктен бас тартты

Қазақстанда тағы бір ауыл ішімдіктен бас тартты
Ашық дереккөзден

Абай облысында Қожакелді ауылы ішімдіктен бас тартты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

КЕЗДЕСУ

Ақсуат ауданына қарасты Кожакелді ауылында жергілікті қауымдастық маңызды кездесу өткізген. Атқарушы органдардың өкілдері, ақсақалдар кеңесі, ауыл имамы, полиция бөлімінің бастығы, учаскелік инспектор және ауыл тұрғындары негізгі әлеуметтік мәселелерді талқылады. Нәтижесінде бірауыздан және түбегейлі шешім қабылданды – алкогольді ішімдіктерден толық бас тарту.

Полиция мәліметінше, соңғы бес жыл ішінде Кожакелдіде алкогольді тұтынуға байланысты бірде-бір қылмыс немесе құқық бұзушылық тіркелмегенін.

— Біз өмірдің алкогольсіз – отбасыдағы татулық, көшедегі қауіпсіздік, ертеңгі күнге деген сенім екенін көріп отырмыз. Біздің таңдауымыз – бұл тыйым емес, болашақ ұрпаққа аманат етер игілікті өмірге саналы ұмтылыс, деді ауыл ақсақалдарының бірі.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысында 30-ға жуық ауыл ішімдіктен бас тартқан болатын. 

Ордабасы мен Мақтаарал ауданында 5 ауыл, Келесте 4 ауыл, Сайрамда 3 ауыл, Қазығұрт, Төлеби, Сауранда 2 ауыл, Отырар, Жетісай, Арыста бір ауыл тұрғындары спирттік ішімдік сатудан бас тартқан.