Мәслихат отырысында Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерсін Отебаев елордада жеңіл рельсті көлікті (LRT) іске қосу туралы толығырақ мәлімет берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Өтебаевтың айтуынша, Астанада таңертеңгі және кешкі қарбалас уақыттарында көлік қозғалысының қарқындылығы артып, жолдарда жүктеме жоғарылап отыр. Осы мәселені шешу мақсатында қала билігі қоғамдық көліктің қолжетімділігін арттырып, қосымша маршруттық автобустарды іске қосуды көздейді. Сонымен қатар, LRT жүйесін кезең-кезеңімен енгізу жоспарда бар.
Жыл соңына дейін LRT пилоттық режимде техникалық іске қосылады, – деді әкім орынбасары.
Астана әкімі бұған дейін жеңіл рельсті көлік жүйесі 2025 жылдың қыркүйегінде сынақ режимінде жұмыс істей бастайтынын мәлімдеген болатын.
Ал City Transportation Systems компаниясының басқарма төрағасы Асылбек Дүйсебаевтің айтуынша, барлық құрылыс жұмыстарының толық аяқталып, LRT желісінің толыққанды іске қосылуы 2025 жылдың соңына жоспарланған.
LRT желісінің техникалық параметрлері келесідей:
2024 жылдың ақпан айының соңында CTS компаниясы 60 метрлік жылжымалы құрамдардың өндірісін таныстырды. Бұл құрамдар GOA 4 автоматтандыру деңгейіне сәйкес жоғары технологиялық басқару жүйесімен жабдықталады. Оның негізгі мүмкіндіктері:
LRT жүйесінің толық іске қосылуы Астана қаласының көлік инфрақұрылымын жаңғыртып, жолаушылар үшін жылдам әрі ыңғайлы көлік қозғалысын қамтамасыз етуге бағытталған.