×
496.41
542.77
6.05
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
496.41
542.77
6.05

Трамп пен Путин келіссе де, Зеленский Украинаның ауруханасына шабуыл жасалғанын мәлімдеді

Бүгін, 07:23
Трамп пен Путин келіссе де, Зеленский Украинаның ауруханасына шабуыл жасалғанын мәлімдеді
Ашық дереккөзден

Ол екі елдің президенті келіскеніне қарамастан, Украинаның Сумы қаласындағы ауруханаға "шахед" дроны келіп түскенін телеграм-арнасына жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЗЕЛЕНСКИЙ НЕ ДЕЙДІ

Ол Қазақстан уақытымен түнгі үшке таяу “қазір көп өңірде Ресейдің шынайы мақсаттарының қандай екенін айқын сезінуге болады. Аспанымызда шамамен 40 «шахед» дроны ұшып жүр, әуе қорғаныс жүйесі белсенді жұмыс істеп жатыр” деп жазды.

Өкінішке қарай, азаматтық инфрақұрылымға дәл соққылар жасалды. Сумы қаласындағы ауруханаға «шахед» дронының тура соққысы тиді, Донецк облысының қалаларына шабуыл жасалды. Дәл қазір соққы жасаушы дрондар Киев, Житомир, Сумы, Чернигов, Полтава, Харьков, Кировоград, Днепропетровск және Черкасс облыстарының үстінде ұшып жүр. Ресейдің осындай түнгі шабуылдары біздің энергетикамызды, инфрақұрылымымызды және украин халқының қалыпты өмірін бұзуда. Бұл түннің де ерекшелік болмағаны – Ресейге қысымды күшейтудің қажеттілігін көрсетеді. Бүгін Путин атысты толық тоқтату туралы ұсынысты ашық түрде қабылдамай тастады. Сондықтан әлем оның соғысты созу әрекеттеріне қарсы тұруы керек.

Ресейге қарсы санкциялар. Украинаға көмек. Еркін әлемдегі одақтастарды нығайту және қауіпсіздік кепілдіктерін қамтамасыз ету. Бейбітшілікке апаратын жалғыз жол – Ресейдің азаматтық инфрақұрылымға шабуыл жасауды тоқтатуы және бұл әрекетін соғысты аяқтауға деген шынайы ниетімен дәлелдеуі болуы керек, – деді ол.

ТРАМП ПЕН ПУТИННІҢ СӨЙЛЕСУІ

18 наурыз, сейсенбі күні АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путин телефон арқылы сөйлескен еді. Әңгіме екі жарым сағатқа созылды. Бұл туралы Ақ үй басшысының көмекшісі және аппарат басшысының орынбасары Дэн Скавино хабарлады.CNN телеарнасы ресейлік дереккөзге сілтеме жасай отырып, Путин мен Трамптың телефон әңгімесі "өте жақсы" өткенін хабарлаған. Хабарламада Трамп тараптарға энергетикалық инфрақұрылым нысандарына соққы жасамау туралы 30 күндік өзара мораторий жариялау жөнінде ұсыныс жасағаны айтылған. Путин бұл ұсынысты қолдап, әскери күштерге тиісті бұйрық берген.