×
496.41
542.77
6.05
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
496.41
542.77
6.05

Неге қарап тұрды – министр Сәденов Алматы әуежайындағы полицейлердің әрекетіне баға берді

Неге қарап тұрды – министр Сәденов Алматы әуежайындағы полицейлердің әрекетіне баға берді

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Алматы әуежайында қаскөй қызметкерді кепілге алған кездегі полицейлердің әрекеті туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҮШ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС

Министр Алматы әуежайындағы жағдайға байланысты үш қылмыстық іс қозғалғанын айтты. 

Басып алу, бұзақылық және жарылғыш зат туралы жалған ақпарат тарату туралы: қаскөй жарылыс жасайтынын айтты, ал ол жер адам көп жиналатын орын болғандықтан әрекет етудің өзіндік алгоритмі бар. Қазір қылмыстық процесс жүріп жатыр. Күдіктінің әрекетіне құқықтық баға беріледі, дейді Сәденов ОКҚ төрағасы Асқар Омаровқа берген сұхбатында

ПОЛИЦЕЙЛЕРДІҢ ӘРЕКЕТІ

Сонымен қатар, Ержан Сәденов полицейлер қалай әрекет еткені туралы ойын айтты. 

Менің бұйрығым бойынша, тексеріс жүріп жатыр. Бірақ біз бәрін көрген жоқпыз ғой. Жарылыс, қару қолдану қаупі болғанын ескерсек, полицейлер дұрыс әрекет етті. Егер біреуі (полицейлердің) тап берсе қандай жағдай болып кететінін білмейміз ғой. Қазір тексеріс жүріп жатыр, дейді министр. 

ОҚИҒА ТУРАЛЫ

Айта кетейік, Алматыда ер адам әуежай қызметкеріне пышақпен тап берген болатын. Телеграмда ер адам әуежай қызметкерінің шашынан ұстап алып, қоқан-лоқы көрсетіп жатқан видеосы тарады. Ер адамның қолында пышақ болған. 

Артынша белгісіз ер адам қаскөйге қызды жіберіп, кепіл ретінде өзін ұсынып, қасына келген. 

Желіде тараған видеоларда ер адам алдымен қаскөймен сөйлесіп тұрып, артынша қолындағы пышағын жұлып алады.