×
496.41
542.77
6.05
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
496.41
542.77
6.05

Антикор Мәсімовтің күйеубаласын іздеу туралы жауап беруден бас тартты

Антикор Мәсімовтің күйеубаласын іздеу туралы жауап беруден бас тартты
Ulysmedia.kz коллажы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің күйеу баласы, қашқын кәсіпкер Азамат Қапеновті іздеу жұмысына қатысты түсінік беруден бас тартты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АНТИКОР

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ресми өкілі Данияр Биғайдаров брифингте Азамат Қапеновтің ісіне қатысты ақпарат бере алмайтынын, іздеуде жүрген адам «бір елден екінші елге көшуі мүмкін» деп мәлімдеді.

– Іздеу жалғасуда, өкінішке қарай, мен қазір барлық мәліметтерді ашып айта алмаймын, өйткені мұндай фактілерді ашу іздеудің өзіне кері әсер етуі мүмкін. Ол бір елден екінші елге қашып, жасырынуы мүмкін, деді ол.

ОТБАСЫ МҮШЕЛЕРІН ІЗДЕУ

2024 жылдың қаңтар айында Ресей 46 жастағы Азамат Қапеновке де іздеуге жариялады. Оның не үшін күдікті екені белгісіз.

Тамыз айында Қазақстан да Азамат Қапеновті алаяқтыққа күдікті деп, іздеу жариялады. Антикор оның қайда екенін айтқан адамға қомақты сыйақы ұсынды.

Азамат Қапенов – Қырғызстан тумасы, Ресей азаматы. Ол 2015 жылы Кәрім Мәсімовтің үлкен қызы Тамилла Кәрімге үйленіп, көпшілікке танылған.