Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының бағамы өсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа өлшенген бағамы 500,32 теңгені құрап, алдыңғы көрсеткіштен 3,79 теңгеге жоғарылады.
Ал айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 501 теңгеге сатып алып, 504 теңгеден саудалауда.
Айта кетейік, бұған дейін ұлттық валютаның өзгерісіне шетелдік валютаның тұрақты ұсынысы әсер етуі мүмкін екені хабарланған болатын. Бұл үрдіс Ұлттық банктің операцияларымен, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен экспорттаушылардың шетел валютасын сатуымен, сондай-ақ оған деген бір реттік сұраныстың төмендеуімен байланысты.