×
502.83
545.37
5.95
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
502.83
545.37
5.95

Ресей Қазақстаннан бидай, жасымық және зығыр тұқымын экспорттауға тыйым салды

20.03.2025, 18:30
Ресей Қазақстаннан бидай, жасымық және зығыр тұқымын экспорттауға тыйым салды
Ulysmedia.kz коллажы

Ресей Қазақстаннан бидай, зығыр тұқымы және жасымық экспорттауға уақытша тыйым салды. Бұл шектеу транзиттік тасымалдарға қатысты емес, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"ҚТЖ" Қазақстаннан Ресейге кейбір жүктерді тасымалдауға уақытша шектеу енгізгенін хабарлады

Шектеу бидайға, жасымыққа және майлы зығыр тұқымына қатысты. Ол Қазақстан станцияларынан "РЖД" ААҚ-ның барлық станцияларына жөнелтілетін жүктерге қолданылады", – делінген хабарламада.

Бұл тыйым астықты Ресейдің Новороссийск және Новый Порт станциялары арқылы транзиттік тасымалдауға қатысты емес. Алайда, ол үшін астықтың соңғы межелі еліне арналған фитосанитарлық сертификаттар рәсімделіп, астық вагондардан тікелей "Новороссий теңіз сауда порты" және "Санкт-Петербург теңіз порты" терминалдарындағы кемелердің трюмдеріне ауыстырылуы тиіс.

Сондай-ақ, жуырда Қазақстанда тауық жұмыртқасын экспорттауға тыйым салынуы мүмкін екені белгілі болды. Бұдан бөлек, сарапшылардың мәліметінше, 2024 жылы Қазақстан шетелден 12 мыңнан астам гүл импорттап, оған 93 млн доллар жұмсаған.