Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов президент Тоқаевқа үндеу жасап, көмек сұрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ҮНДЕУ
Қаржаубай Нұрымовтың үндеуін қарындасы Перизат Нұрымова оқып берді.
- Құрметті президент мырза, Конституция кепілі ретінде сізден әділ сот сұраймын. Бауыр етім бауырым мен ұлымды жоғалтып, болып жатқан әділетсіздікке қарсы күрестім. Өзімнің отбасымды, жақындарымды қорғауға тырыстым. Ешқашан дүрбелеңге және жаман нәрселерге үгіттеген емеспін. Желтоқсанда тек інімнің ісі әділ тергелуін талап етуге тырыстым. Бұған дейін орнын босатқандар ескі жүйенің қалдығы. Сондықтан әділетті Қазақстанға сене отырып, күресуге бел будым. Сізден соттың әділетті өтуін сұраймын. Қазақтың ұлдары мен қыздары көшеде өлуі осымен тоқтасыншы, делінген Қаржаубай Нұрымовтың үндеуінде.
ҚАРЖАУБАЙДЫҢ ҰСТАЛУЫ
Талғарда былтыр 10 желтоқсан күні полиция Қаржаубай Нұрымовты ұстаған еді. Бауыры Нұрқанат Ғайыпбаевті қара жерге тапсырғаннан кейін Қаржаубай Нұрымов пен оның туған-туыстары құқық қорғау органдары қызметкерлерінен тағы да әділ тергеуді талап еткен еді. Видео әлеуеттік желілерде пайда болған. Нұрқанат пен Шерзаттың туған-туыстары жолға шығып, болған жайтты баян еткен наразылықтарын жеткізген.
Кейін Шерзаттың әкесі мен әпкесі 15 күнге қамалғаны белгілі болды.
12 желтоқсанда Нұрымовқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 202-бабы («Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған еді.
Қаржаубай Нұрымов 25 желтоқсанда 15 тәуліктік әкімшілік қамаудан босатылды.