Наурыз мейрамы 21-23 наурыз аралығында атап өтіледі. Алайда 22 және 23 наурыз демалыс күндеріне сәйкес келгендіктен, олар автоматты түрде 24 және 25 наурызға ауыстырылады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Осылайша, қазақстандықтар 21-25 наурыз аралығында бес күн қатарынан демалады. Ал алты күндік жұмыс аптасы бар азаматтар үшін демалыс 21-24 наурыз аралығында төрт күн болады.
21 наурыз – Ынтымақ күні ретінде атап өтіледі.
Бұл күннің басты идеясы – адамдар арасындағы өзара құрметті арттыру, бейбітшілік пен бірлікті насихаттау. Ынтымақ күні – ел үшін маңызды тарихи оқиғалар мен ұлттық жетістіктерді еске алу уақыты. Сонымен қатар, бұл күн өткенді бағалап, ата-бабаларымыздың қазіргі қоғамның қалыптасуы мен сақталуына қосқан үлесін ұғынуға шақырады.
Наурыз мейрамы 3000 жылдан астам тарихы бар, зороастризм дәуірінен бастау алады және көктемгі күн мен түннің теңелуіне орай, әдетте 20 немесе 21 наурызда тойланады. Бұл мереке Иран, Орталық Азия, Кавказ, Балқан және басқа да аймақтардағы түрлі мәдениеттерді біріктіріп, ортақ дәстүрлер мен құндылықтардың тоғысуын білдіреді.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда Наурыз көжеге қажетті өнімдердің бағасы қанша тұратыны хабарланған еді.