×
502.83
545.37
5.95
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
502.83
545.37
5.95

Жер сағаты: ертең бір сағатқа жарықты өшіруге дайынсыз ба

Бүгін, 18:25
Жер сағаты: ертең бір сағатқа жарықты өшіруге дайынсыз ба
Ашық дереккөзден

Қазақстанның экология министрлігі тұрғындарды 22 наурыз күні сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін өтетін «Жер сағаты» экологиялық акциясын қолдауға шақырады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл бастама климаттың өзгеруі мен қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қоғамның назарын аударуға бағытталған.

«Осы бір сағат ішінде әлемнің миллиондаған тұрғыны жарық пен электр құрылғыларын сөндіріп, ғаламшарға деген қамқорлығын білдіреді және тұрақты дамуды қолдайды. Үйіңіздегі жарықты өшіріңіз, бұл туралы жақындарыңызға айтыңыз – өйткені табиғатқа ұқыпты қарау әрқайсымыздан басталады», – деп министрлік халыққа үндеу жасады.

Ұйымдар мен кәсіпорындарға ғимараттардың сыртқы сәулеттік және декоративтік жарықтандыруын бір сағатқа өшіру ұсынылды.