Бүгін Қазақстан халқы Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесін тойлауды жалғастырады. Наурызнамаға сәйкес бұл күн “Жыл басы” деп аталады. Өйткені 22 наурызда күн мен түн теңеліп, Жаңа жыл басталады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Наурыз мейрамы – түркі халықтарының Жаңа жылы. Бұл мерекенің тарихы бірнеше мыңжылдыққа кетеді. Күн мен түн теңеліп, жан-дүниені оянып, қытымыр қыстан қысылып шыққан жұрт арқаны кеңге салып, аққа аузы тиетін кез бұл. Сондықтан да көктем мейрамы түркі халықтары үшін ерекше қастерлі саналады.
НАУРЫЗНАМА
14 наурыз – «Көрісу күні – Амал мерекесі». Бұл күні адамдар бір-бірімен емен-жарқын қауышып, ізгі тілектерін айтады.
15 наурыз – «Қайырымдылық күні». Бұл күні жанашырлық пен өзара қол ұшын беру құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған жаппай қайырымдылық шаралары өтеді.
16 наурыз – «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні». Бұл күн мәдени мұраны, өнерді және ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттауға арналған.
17 наурыз – «Шаңырақ күні». Бұл күні үлгілі отбасыларға, адамгершілік тәрбие мәселелеріне арналған іс-шаралар өтеді.
18 наурыз – «Ұлттық киім күні». Бұл күні стильдендірілген сән көрсетілімдері мен фестивальдар өтеді.
19 наурыз – «Жаңару күні». Бұл күні көктемгі ағаш отырғызу дәстүрі жалғасын табады.
20 наурыз – «Ұлттық спорт күні». Бұл күні ұлттық спорт түрлерінен жарыстар мен турнирлер өтеді.
21 наурыз – «Ынтымақ күні». Бұл күн Қазақстан халқының бейбітшілігі мен бірлігін бейнелейді.
22 наурыз – «Жыл басы». Бұл күннің оның аясында бұқаралық іс-шаралар мен халықтық мерекелер өтеді.
23 наурыз – «Тазару күні». Су көздерін аршып, аулаларды қардан және қоқыстан тазалау бойынша жаппай іс-шаралар өтеді.