Әлемдегі топ клубтардың бірі испаниялық «Атлетико Мадрид» ойыншылары Қазақстан халқын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, ақжарма тілектерін жеткізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz sport12.kz-ке cілтеме жасап.
ТОЛЫҒЫРАҚ
«Атлетика Мадридтің» сапында ойнайтын француздық шабуылшы Антуан Гризманн: «Сәлем, Қазақстан! Баршаңызға Наурыз құтты болсын! Мерекені тамаша тойлаңыздар!» – десе, Испания құрамасының бұрынғы сұрмергені, әйгілі Фернандо Торрес: «Сәлем, Қазақстан! Баршаңызға Наурыз құтты болсын! Осындай ерекше күнде сіздерге бейбітшілік, махаббат және молшылық тілеймін! Барша қазақстандық достарыма ең ізгі тілектерімді жолдаймын!» деді.
Сонымен қатар Наурыз мерекесіне орай Қазақстандағы «Атлетико Мадрид» клубының академиясы ел тұрғындарын Самарқанның көк тасы жібіген көктем мейрамымен құттықтап, ізгі тілектерін жолдады.
ТОП КЛУБ
«Атлетико Мадрид» – Еуропаның топ клубтарының қатарынан саналады. Өз тарихында бұл команда Испания чемпионаты мен кубогының бірнеше дүркін жеңімпазы атанған. Бірнеше мәрте Суперкубокты иеленген. Еуропа лигасын жеңіп алған, бірнеше рет Чемпиондар лигасының финалында өнер көрсеткен.