×
502.83
545.37
5.95
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
502.83
545.37
5.95

«Сіз қандай әдемісіз!»: боксшы Назым Қызайбай жаңа стилімен жұртты сүйсінтті

22.03.2025, 18:38
«Сіз қандай әдемісіз!»: боксшы Назым Қызайбай жаңа стилімен жұртты сүйсінтті
Әлеуметтік желіден алынды

Бокстан үш дүркін әлем чемпионы, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Назым Қызайбай қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл жолы бұрымды қыз ел алдына спорттық киіммен емес, әдемі қызғылт көйлек киіп, ұлттық зергерлік бұйымдарды тағып шықты. Әдетте шаршы алаңда атой салып, қарсыласының «шаңын қағатын» батыл қызды көріп үйреніп қалған жанкүйерлері оның ерекше стиліне сүйсінді. Көз арбаған көркі мен келісті сымбатына желі қолданушылары таңдай қақты. Ұлттық әшекей бұйымдар да Назымға әдемі жарасып, ажарын аша түскен. Сұлулыққа сұқтанған көпшілік жұрт әлеуметтік желіде «Сіз қандай әдемісіз!», «Хас сұлудың өзі», «Керемет!» деп пікірлерін бүкпесіз жазып жатты.  

ТАҚЫРЫПҚА ТҰЗДЫҚ

Назым Қызайбай – белгілі қазақстандық боксшы. 2024 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, үш дүркін әлем чемпионы (2014, 2016, 2025), Азия чемпионы (2021) және Қазақстанның жеті дүркін чемпионы.

Көпбалалы отбасында өскен Назым – бес баланың ішінде үшіншісі. Ол Алматыдан 47 шақырым жердегі Жетіген ауылында дүниеге келген. Қаршадайынан спортқа қызығушылық танытып, боксты жанына серік еткен.