×
502.83
545.37
5.95
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
502.83
545.37
5.95

Илон Маск Түркиядағы митингіге шыққандардың аккаунтын бұғаттады

23.03.2025, 08:10
Илон Маск Түркиядағы митингіге шыққандардың аккаунтын бұғаттады
CNN

Maсктың X әлеуметтік желісі (бұрынғы Twitter) Түркияда наразылық акциясына шыққан халықтың «үнін өшіре» бастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Politico-ға сілтеме жасап.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Анкараның талабы бойынша жаппай митингілер туралы жазатын аккаунттар бұғаттала бастаған. Бұл жағдай негізінен жастарға, оның ішінде оппозициялық студенттер топтарына кері әсер етті. Әлеуметтік желінің бұғатталуы наразылық білдірушілердің ақпарат алмасуына, бір-бірімен байланыс орнатуына кедергі келтірді.

Түркия билігінің мұндай қадамға баруы алдағы президент сайлауында Ердоғанның басты бәсекелесі болады деген Ыстамбұл мэрі Экрем Имамоғлының қамауға алынып, елде наразылықтың күшеюімен байланысты.

ТАҚЫРЫПҚА ТҰЗДЫҚ

Естеріңізге сала кетейік, биылғы 19 наурызда сыбайлас жемқорлықпен, парақорлықпен, пара берумен және террористік әрекетке жәрдемдесумен айналысатын ұйымға қатысы бар деген күдікпен Экрем Имамоғлы ұсталған. Оппозициялық саясаткер биліктің қысымына көнбейтінін және өзіне тағылған кінәні мойындамайтынын мәлім еткен. Мұның соңы Ыстамбұлда жаппай наразылыққа ұласып, 300 мыңдай адам көшеге шыққан.